«Қаржан» жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Халық  комиссарлары  Кеңесінің  1919 жылы  16 желтоқсанда қабылданған  «Еліміздегі сауатсыздықты жою туралы»  қаулысына сай халықты жаппай сауаттандыру мақсатында жаңа типті сауат ашу мектептері көптеп ашыла бастады және аталған қаулыны басшылыққа ала отырып халық  көп қоныстанған ауылдарда  жаңа мектептер салу қолға алынды. Солардың бірі  Қаржан  ауылында тұрғызылған  мектеп ғимараты.

Мектеп  ғимаратытың құрылысы 1925 жылы қолға алынған. Оны Құрыш бастаған Жолан, Жамантай, Смайыл, Әби, т.б. ауыл азаматтары 1927 жылы пайдалануға тапсырған.

Бұл мектеп  үйі қазірге дейін сақталған. Алғашқыда бастауыш мектеп болып ашылған. Мектептің тұңғыш меңгерушісі Құдайназаров Бибол (1870-1957 жж) деген азамат. Одан кейін мектеп басшылары болып қызмет атқарғандар:

                         Атамбеков Әлімқұл

                         Имашев Смайыл

                         Қосақов Жүніс

                         Дәулетияров Әсет

                         Шақшанбаев Мұрат

                         Дайырбеков Төленбай

                         Әлібеков Нұрмахан

1938 жылы мектеп жетіжылдық болып құрылды және мектепке даңқты ұшқыш, Америкаға  Солтүстік полюс арқылы ұшып барған Кеңес Одағының Батыры  Валерий  Павлович  Чкаловтың есімі берілді.

1960 жылы  В.П.Чкалов атындағы мектеп сегізжылдық болып құрылды және колхоз орталығындағы  жаңа ғимаратқа  көшірілді. Қаржан  ауылылындағы мектеп бастауыш мектепке айналды. Оның  меңгерушісі болып  Махатов  Әйтен  тағайындалды.

1968 жылы  «Қаржан» бастауыш мектебі кеңейтәләп, сегізжылдық мектеп болып  ашылды және оның тұңғыш директоры болып  Дүйсебеков Салдарбек  жұмыс істеді.  Одан кейін мектеп директоры  болып  қызмет атқарғандар:

                     Ерімбетов Тағай

                     Мелдебеков Серғазы

                     Майлиев Рүстем

                     Бөбетов Рамазан

                     Қосанбаев  Әсілбек

                     Сарсенов Рахматулла

Директордың оқу ісі  жөніндегі  орынбасарлары болып қызмет атқарғандар:

                     Қосанбаев Әсілбек

                     Қырықбаев Мұхтар

                     Байтенов Ермұхан

                     Сарсенов Рахматулла

                    Алдамжаров Сәттібек

2002-2003  оқу жылында  «Қаржан» негізгі мектебі  жалпы білім беретін мектеп құрылды және  2015-2016 оқу жылынан бастап  типтік  жобамен салынған  үш  қабатты жаңа ғимаратта  жұмыс істеп келеді. 2018 жылдан бастап  мектеп директоры Сарсенов Рахматулла Жәнібекұлы, директордың оқу ісі  жөніндегі  орынбасары Ерментаева Гүлмира, Жандарбаева Толқын, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін  Сопбеков  Данияр Ташкенбайұлы, Артықбаев  Нұрлыбек, директордың бейіндік істері жөніндегі орынбасары  Медеуова Айнұр, Қосымша білім беру педагогы Бекбердиева Айжамал, Ұйымдастырушы педагог Дуйсенов  Куралбек, Педагог психолог Тайжанова Нұрсәуле, Әлеуметтік педагог Амирова Ақмаржан, Бастапқы әскери дайындық Жамантаев Абзал, Кітапханашы Елемес Фариза, директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Абдиров Ермек, Кәсіподақ ұйымының төрағасы  Махмұт Руслан, Тәлімгер  Рүстем  Ақарыстар  болып  атқарып келеді. Бұл мектепте  71 мұғалім 29  кіші қызметкер қызмет атқарады.