“Қосағаш” жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

“Қосағаш” жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Мектеп тарихы
       Еліміздегі жалпыға бірдей бастауыш білім беру заңына сай 1930 жылы Қосағаш ауылында төрт  жылдық бастауыш мектеп ашылған.
      1935 жылы мектеп меңгерушісі Жылқыбаев болды.
      Қосағаш ауылында 1967-1971 жылдары жеті жылдық мектеп құрылып, мектепте алғашқы директор болып Мелдебеков Серғазы ағамыз қызмет  атқарған.
      1971-1972 жылдары мектебіміз сегіз жылдық білім ордасы болып бекітілді.  1990-1991 жылдан бастап “Қосағаш” орта мектепке айналды.
2015 жылы Қосағаш ауылында 300 орынға арналған жаңадан  типтік мектеп ғимараты бой көтеріп, қазіргі таңда білім ордасы «Қосағаш» жалпы орта білім беретін мектеп» болып аталады.
Мектеп тарихында директор болып:
1971-1983 жылдары Серікбаев Нұрлыбек, 
1983-1988 жылдары Пазылов Мәлік,
1988-1991 жылдары Құрақов Мырзакәрім,
1991-1993 жылдары Расулов Әбдімүтәлі,
1993-1996 жылдары Пазылбеков Сырлыбай,
1996-1998 жылдары Дуанақұл Қасымсейіт,
1998-2000 жылдары Қаратаев Дауылбай,
2000-2018 жылдары Дуанақұл Қасымсейіт ағаларымыз қызмет атқарған.
 Ал қазіргі таңда 2018 жылдан бері Сайлауов Сейіткерім ағамыз директорлық қызметте.
Оқушылар саны: 402
Сынып комплектісі: 20
Мұғалімдер саны: 48
Кіші қызметкер: 28 
Мұғалімдердің санаты:
  • Педагог-зерттеуші: 12
  • Педагог-сарапшы: 19
  • Педагог-модератор: 7
Қазіргі таңда мектепті  2018 жылдан  бастап мектеп директоры Сайлауов Сейіткерім Бегалыұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақытжан Оразымбетов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін Сусар Илесбекова ,директордың бейіндік істері жөніндегі орынбасары Жанар Райқұлова жұмыс атқарып келеді.