«1-Мамыр» жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

        «1-Мамыр» жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 1969 жылы оқушылардың қашықтағы мектепке барып оқуы едәуір қиындықтар келтірген соң,1969 жылы елдің және ауылдық кеңес төрағасы Серкебаев Акпар және Кенжетаев Мырзабектің ұйымдастыруымен  мектептің іргетасы қаланып,  басталған құрылыс 1970 жылы  пайдалануға берілді.
        Ең алғашқы мектептің ашылуына ауыл азаматтарының белсенді ұсынысы мен бастауыш мектеп салынып,  1970 жылы оған  тұңғыш ұстаздық еткен   Сопбеков Ташкенбай меңгеруші қызметін атқарды. Онда тұңғыш мектеп баспалдағын алғаш аттаған азаматтар 1961 жылғы түлектер.1970-1971 жылдар аралығында Жамалов Салдар, Қарақұлова Ұлбосын, Нұрбекова Күлайда сынды ұстаздар қызмет атқарды.
        1971-1977 жылдар аралығында Томанов Сайым ,Әліқұлова Рабиға, Ағзамова Саламаттар  ұстаздық қызметін атқарды.1977-1991 жылдар аралығында  Оразымбетов Төлеген меңгеруші қызметін атқарса, Нөсерова Нұрсұлу,Шыршықбаева Кулай,Егемқұлова Мадина, Мамақова Қалдыгүл сынды ұстадар бастауыш сынып мұғалімдері қызметін атқарды .
        1991-2001 жылдар аралығында Сарманов Сүлеймен меңгеруші болып қызмет атқарды.
        2000 жылы ата-аналардың демеушілігімен  мектепті негізгі мектеп етіп,ұйымдастыру үшін акция өткізілді.
         Оған жиналған қаржыға мектеп жанынан қосымша құрлыс салынып, 2001 жылдың 13 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік білім мекемелерін қайта атау және қайта ұйымдастыру туралы» №150 қаулысымен «1-Мамыр» бастауыш мектебін, «1-Мамыр» негізгі орта мектебі болып қайта құрылды.
         2001 жылдан  бастап мектеп директоры Байболатов МұхамбетЖаңбырбайұлы , директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша   орынбасары Қабылбекова Халия қызмет атқарды.
        2001 жылы  «1-Мамыр» негізгі орта мектебінің тұңғыш түлектері 1987 жылғы оқушылар болды. 2005 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін Куйлибаев Мамыржан Ергешұлы атқарып келеді.
       Елбасымыздың сындарлы саясаты арқасында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2016 жылы республикалық қаржы есебінен мектеп құрлысы басталып, 2017 жылы  жаңа үлгідегі мектеп пайдалануға берілді.    
       «1-Мамыр» негізгі орта мектебін «1-Мамыр» жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. 2017 жылдан  бастап мектеп директоры Байболатов Мұхамбет Жаңбырбайұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ербол Қаратаев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін Куйлибаев Мамыржан Ергешұлы ,директордың бейіндік істері жөніндегі орынбасары Алтынбекова Гүлзиралар болып  атқарып келеді. Бұл мектепте  43 мұғалім,  26 кіші қызметкер  қызмет атқарады.
        Мектепте  МАД -11 сыныптар арасында  312  оқушы оқиды. «1-Мамыр» жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылғанда мектептің тұңғыш түлектері 2001 жылы туылған оқушылар болды.